Біз туралы

БІЗ КІМБІЗ?

Біз халықаралық марафондардың ресми өкілдері әрі World Marathon Majors ұйымының Қазақстан мен Орталық Азиядағы серіктесіміз.

БІЗ НЕМЕН АЙНАЛАСАМЫЗ?

Біз жүгірушілерге халықаралық марафондар мен жартылай марафондарға қатысу мүмкіндігін ұсына отырып, барлық ұйымдастыру жұмыстарын өз мойнымызға аламыз. Слот сатып алудан бөлек, қосымша қызметтер көрсетеміз: сақтандыру рәсімдеу, виза алуға көмек, қонақүй брондау.

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ

Біз халықаралық марафондарға қатысуды қолжетімді әрі жайлы етуді мақсат тұтамыз! Біз тек сапар ұйымдастырмаймыз — біз жаңа мақсаттарға шабыттандыратын және ұмытылмас жүгіру оқиғаларын сыйлайтын пікірлес жандардың қауымдастығын құрамыз.

БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ

Біз әлемнің ең ірі марафондарына — Чикаго, Нью-Йорк, Берлин, Бостон, Валенсия, Сидней және тағы басқа қалаларға 500-ден астам қатысушыны табысты аттандырдық.

Егер сіз де халықаралық стартта жүгіріп, ұмытылмас эмоция алуды армандасаңыз, 4LMNTS бәрін ұйымдастырып береді! Сізге тек жүгіріп, ләззат алу қалады!